• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:31:44
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

07 Қараша, 2019 NEWS

Алматы қаласы әкімінің орынбасары «Үміт үйінің» жұмысымен танысты

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Үміт үйінде» болып, «Үміт үйі» ҚММ қамқорлығындағы балалардың тұрмысымен танысты, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Е.Бабақұмаровтың төрағалығымен балаларды қабылдау комиссиясы өтті. Комиссияның отырысында Е.Бабақұмаров Әлеуметтік әл-ауқат, Білім және Қоғамдық денсаулық басқармаларының басшыларына қиыншылық көріп отырған және баладан уақытша бас тартуға мәжбүр болған толық емес отбасынан шыққан аналарға қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Бұл үшін шаһар басшысы Б.Сағынтаевтың ұйытқы болуымен ашылған «Іскер Ана» жобасы қолайлы болмақ. Бұл жобаның арқасында мамандығы мен жұмысы жоқ әйелдер жаңа мамандықты игеріп кете алады. Ал оқу курсы аяқталысымен белсенділердің өз ісін ашуы үшін қажетті құрал-жабдықтар мен құралдарды алуға мүмкіндіктері бар.

Сондай-ақ, қаланың барлық аудандарында ауқымды «Бақытты отбасы» бағдарламасын, сондай-ақ Елбасының «Барлығына тегін ТжКБ» бағдарламасы аясында білім алу мүмкіндігін пайдалануға болады. Балалар қарауда болғанда, аналар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тегін білім алып, курстан өтіп, жұмысқа орналаса алады. Іскер және белсенді әйелдер үшін «Іскер Ана» бағдарламасы жұмыс істейді. Мұнда әйелдерді кәсіпкерлікке және бизнесті жүргізу негіздеріне үйретеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір