• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:49:14
Алматы
+35°
Қазақстанда жақында мемлекеттік орган ғимараттарында мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты.

"Мендегі ақпарат бойынша аталған қаулы Үкіметке енгізілген, жақын арада ол жайында жарияланатын болады. Барлық өкілетті органдарда келісуден өтті, осыдан кейін ол Үкімет отырысының қарауына шығарылады. Биылғы қараша айында тиісті шешім болады деп үміттенеміз. Бұл тұрғыда смартфондарды ешбір шектеусіз барлық мемлекеттік қызметшілерге қайтару мәселесі ескерілген", – деді вице-министр Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, кез келген мемлекеттік қызметшіде өз қызмет орнында алған ақпаратқа қатысты жауапкершілігі бар. Ақпаратты негізсіз таратқаны үшін қызметші заңнамаға сәйкес жауапты болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір