• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:33:59
Алматы
+35°

Облыста жыл басынан бергі 9 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 205 миллиард 900 миллион теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда аймаққа тартылған инвестиция көлемі 17,3 пайызға артқан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Соңғы жылдары аграрлы әрі индустриялық аймақ атануға көптеп көңіл аударған Әулиеата өңірінде өндіріске инвестиция тарту ісіне мықтап қолға алынған. Соның есебінен жыл басынан бері жамбылдық кәсіпорындармен 349 миллиард 900 миллион теңгенің өнімін өндірілген. Өнімнің бұл көлемі 2018 жылдың есепті кезеңіндегі жағдаймен салыстырғанда 5,7 пайызға арта түскенін аңғартады.

– Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі бойынша 39,8 миллион теңге өнім өндіріліп, былтырғы жылдағыдан 2,8 пайыз өскен. Өңдеу өнеркәсібі бойынша 262,7 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, былтырғы осы есепті кезеңнің көлемінен 7 пайызға артық, — деді брифингте Ж.Сариев.

Екі айдан кейін Үдемелі индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы өз мәресіне жетпек. Бұл бағдарлама аясында да аймақ экономикасына, әсіресе, индустрияландыруға көп қаржы салынды. 2015-2019 жылдарға арналған осы аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша облыстағы Кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы құны 603,5 миллиард теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба енгізілген. Картаға енген бұл жобалардың барлығы дерлік іске асқан күнде өңірде 6758 адам жұмыспен қамтылу жоспарланған екен. Осы жобалардың ішінен әзірге 55,5 миллиард теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылуда. Олар бойынша 2230 жұмыс орны ашылмақ.

Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша, биылғы тоғыз айда облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің қатарына 7688 субъект қосылып, жалпы саны 70534-ке жетіпті.

Кәсіпкерлік қолдау болған ортада ғана кең қанат жаятынын ескерсек өңірдегі бизнес секторды дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі молынан пайдаланып жатыр. Әсіресе жамбылдық кәсіпкерлер Тұңғыш-Президент–Елбасының бастамасымен 2025 жылға дейін жалғасқан «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын айқын сезініп жатыр. Одан бөлек несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидиялау, кепілзатпен көмек көрсету шаралары да бизнес өкілдері үшн кәсібін өрге домалатуға оңтайлы жағдай жасап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір