• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 18:57:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Аймақтар

Танымал журналистің дәрісіне құлақ түрді

Жамбылдық журналистермен салаға енді аяқ басқан жас мамандар «Qazaqstan» ұлттық телерадио корпорациясының бас редакторы, танымал журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әсерлі кездесу ең әуелі М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің мәжіліс залында «журналистика» мамандығы студенттері өтті. Бұл басқосуда сақа журналист қаламгерлікке таңдау жасаған жастарға ақыл-кеңесін айтып, олардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап қайтты. Сондай дәл осы күні түс ауа Қайнар Қалиақпарұлы Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында жергілікті БАҚ өкілдерімен жүздесті. Жиынды ашып беріп, жүргізіп отырған журналист, облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген қадірлі қонақтың жүріп өткен өмір жолы, жетістігі, атақ - абыройы, өмірлік ұстанымдарына тоқталып, жиылғандарды ашық әңгіме өрбітуге шақырды.

Қайнар Олжай өз сөзінде бүгінгі журналистика әлемі мен көркемсөз кеңістігіндегі жаңашылдықтарды, дәстүрлі журналистика мен блогерлер бәсекесі қызып тұрғанын айтты. Ол бұл жағдайда журналистер өздерінің мықтылығын және қажеттілігін, білімділігі, жан - жақтылығы, жаңашылдығы, кез келген жерден ақпарат ала алатын шеберлігі, барлық тақырыпты жеріне жеткізіп, терең жаза алатын таланты болуы арқылы дәлелдей алатынын, ізденісімен ғана блогерлерді шаң қаптыратынын жеткізді. «Сайттардағы мақалалардың жазылу деңгейі белгілі басылымдармен салыстырғанда мектептердегі қабырға гезетімен тең» - деп баға берді ол.

Мұнан соң облыстық «Аq joІ» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы, «Arai» жастар газетінің бас редакторы Дәулет Төленді, республикалық «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Ерман Әбдиев, «Тараз 24. kz» ақпарат алаңының директоры Зарина Қуатова, ақын Баймаханбет Ахмет, «77» телеарнасының редакторы Ақсәуле Әбдірай келген қонаққа түрлі сұрақтар қойды. Оппозициялық бағыттағы журналистика бар - жоқ екендігі туралы, терминдердің заңдылықтары, аударма мәселелері, әнші мен актерлердің төңіргіндегі сұраққа Қ.Олжай сапалы, нақты жауап берді.

Жиын соңында Көсемәлі Сәттібайұлы облыстағы журналистердің Қайнар Олжаймен кездесуі жас журналистердің жұмысына жаңа серпін беретініне тоқталып, осындай кездесулер сала мамандары арасында дәстүрге айналса деген ұсынысын жеткізді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір