• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:06:28
Алматы
+35°

Бүгінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйытқы болуымен толайым тірліктер атқарылуда. Олардың дені жастар саясатын оңтайландыру мен қоршаған ортану қорғауға бағытталуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Атап айтсақ, «Экологиялық ағарту және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау мақсатында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару үшін 4 әлеуметтік бейнеролик әзірленген.

Аталған бейнероликтер Сүлейменов көшесінде орналасқан «Жастар аллеясындағы» LED-экранда және жергілікті телеарнада көрсетілуде. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару үшін аталған бейнероликтерді әлеуметтік желілерге (фейсбук, инстаграмм, ютуб) салынды. Бүгінгі күнге дейін 5000-ға жуық қаралым жинады.

Сондай-ақ «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Экологиялық ағарту және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Экологиялық тәрбие беру бойынша Тараз қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесе 7 мөлтек ауданыдағы каналдың жан-жағын тазалау флеш-мобы ұйымдастырылды. Флеш-мобқа Тараз қаласының NEET-санаттындағы 50-ге жуық жастар қатыстырылды. Шара барысында ағын суға тасталған заттар жинастырылып, қоқысқа толы каналдың беті тазаланды.

Одан бөлек «Экологиялық ағарту және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 06.09.19 ж. Скверлер мен парктерді көріктендіру мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетімен бірлесіп, «Қарахан баба» кесенесінің аумағы көріктендірілді. Шараға 100-ге жуық ҰСТАЗ университетінің студенттері қатысты.

«Қағаз жəне мақта пакеттерінің пайдасына полиэтилен пакеттерін пайдалануға тыйым салу» атты облыстық студенттермен оқытушылар арасындағы пікірсайыс турнирі де өтті. Додада I-орын "Папина дочка" Күлтөбе пікір сайыс клубы (ПК) Шамбыл Шұға мен Райкулов Қанат, II-орын "Сарапшылар" Күлтөбе ПК Асқар Бекболат пен Маликтаева Пернеш, III-орын "Jameco" ПК Серік Мұхаммеджан мен Сəулебай Алмаз иеленсе, "Үздік төреші": Сəбит Ерзат атанса, "Алғырлар" ПК Оқытушылар арасында "Үздік спикер": Сəулебай Алмаз "Jameco" ПК атанды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір