• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:21:27
Алматы
+35°

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында атқарылып жатқан тірліктер аз емес. Бұл ең бірінші ұлттық рухты оятатын жоба болғаннан кейін Жамбыл облысы көлемінде жүйелі жұмастардың бойына жан үрленуде. Соның бір парасы Жуалы ауданында да көрініс табуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Облыстық қоғамдық форумның сәтті жалғасы болып табылатын бұл жиынның мақсаты «Ұрпағымыз азбасын, жеріміз тозбасын» деген асыл мұраттан туып отыр. Форумды Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, журналист-жазушы Мақұлбек Рысдәулет ашып, жүргізіп отырды.

Аудан басшылары мен аудан ақсақалдары, ауыл әкімдері, мешіт имамдары, асабалар мен жастар, ІІБ қызметкерлері, кәсіпкерлер қатысқан жиында бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер қамтылды.

2019 жылдың 21 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов облыс жұртшылығына Үндеу жариялаған болатын. Аталған Үндеумен Қарасаз ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Тоқбергенов таныстырды. Сондай-ақ, «Діни жоралғыларды жасауда ысырапшылдыққа жол бермеу» тақырыбында аудандық «Жуалы» мешітінің бас имамы Медетбеков Сейтқазы, «Ақментей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Аманжол Дүрәліұлы «Бірлігіміз – басымыздағы бағымыз» тақырыбында, Білім беру саласының ардагері Дәулетжан Байдалиев «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбында сөз қозғаса, Ақсай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәрібай Құрмашев той мәдениетін жаңғырту мәселесін баса айтты. Жиын барысында Бауыржан Момышұлы ауылының аналар алқасының төрайымы Жаңаш Серғазина қыз тәрбиесінің ұлт үшін маңыздылығы турасында сөз өрбітсе, аудандық мәслихат хатшысы Тілеубеков Ерғали Өтемісұлы «Ұмытылмас ұлағат, өмірлік өнеге қалдырған ата-баба аманатына адал болу – ұрпақ парызы. Елдікті ту еткен халқымыздың қадір-қасиеті сонау ғасырлар қойнауынан тамыр тартады»-деді.

Облыс әкімінің Үндеуін қолдап, қуаттау, елдіктің елге байланысты екенін халыққа жеткізу мақсатындағы форумды Жуалы ауданының әкімі Ергебеков Нарбай Әбілқасымұлы қорытындылап, бұл бірреттік шара емес, нақты орындауды қажет ететін мәселе екенін ескертті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір