• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:18:34
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Экологиялық ағарту және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу" атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 мектеп-лицейінде "Менің атаулы ағашым!" атты ағаш отырғызу акциясы өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Акцияға "Жібек жолы" еріктілер қозғалысының еріктілері, "KazBrends" ұйымының облыстық менторлары, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің студенттері мен қызметкерлері қатысты. Аталмыш шара аясында тал отырғызылып, шара соңында келген жастармен тимбилдинг ойындары ұйымдастырылып, "KazBrends" ұйымының менторлары арнайы сыйлықтарын табыстады.

Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №19 орта мектебінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Менің атаулы ағашым" атты акциясы өткізілген болатын. Акцияны ұйымдастыру барысында мектеп басшысы Мария Айтбекова ханым өзі бастап, бас қасында жүрді.

№19 орта мектебі 2016 жылдың 1 қыркүйегінде орта мектеп статусын алып, жаңа ғимаратқа көшеді. Бүгінгі күні мектепте 800 оқушы білім алуда. Жаңа ғимаратқа көшекенде оқу ордасының ішінде де, сыртында да ештеңе болмаған (көгалдандыру бойынша).

Мектеп әкімшілігі мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары бірлесе отырып, «Жасыл желекті мектебім» атты жобаны қолға алған.

Жобаның мақсаты: Мектеп ауласын көгалдандыру және көгеріштендіру, қоршаған ортаны қорғау, құрметтеу және қоғамға риясыз қызмет ету болып табылады.

Сондай-ақ "Менің атаулы ағашым!" акциясы. №55 орта мектебі өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Экологиялық ағарту және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу" атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №60 орта мектебінде "Менің атаулы ағашым!" атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Акцияға жоғары сынып оқушылары мен мектеп әкімшілігі және "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің қызметкерлері қатысты

Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Экологиялық ағарту және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу" атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №57 орта мектебінде "Менің атаулы ағашым!" атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір