• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:22:13
Алматы
+35°

Тұтас әлем цифрландырудың сиқырына ерген заманда қазақстандық мектептерге заман көшінен қалмай, бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру ұйымдарын цирфландыру өте өзекті мәселе саналады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан білім беру ұйымдарын цифрландыру ісі Меркі ауданында да жүйелі жүргізілуде. Бүгінде аудандағы 36 мектептің барлығы да интернет желісіне қосылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Меркі ауданындағы мектептің 47 пайызы сым желілері бойынша кең жолақты интернетке қосылса, қалған 53 пайызы wi-fi желісімен 4-10 мегобит/сек-тен жоғары жылдамдық ғаламторға қосылады. Кең жолақты интернетпен қамтылу нәтижесінде 36 мектепте «Күнделік» жобасымен жұмыс жасауда ешқандай мәселе туындамайды. Сол секілді аудан мектептерінің барлығы да «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары порталымен қамтамасыз етілген.

Бүгінде аудандар 4 IT сыныбы жұмыс жасайды. Оның алғашқысы 2018 жылы ашылған болса қалған үшеуі индикаторлық көрсеткіштерге сай ағымдағы жылы іске қосылған. Мұнан бөлек 20 мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ аудандағы барлық мектепке wi-fi желісі тартылған. Аймақтағы білім ошақтарындағы 641 оқу кабинетінің 557-сі компьютермен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда аймақтағы балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу ақпараттық жүйесі edugarden.kz сайты арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жүйе аудандағы 37 мектепке дейінгі білім беру ұйымының барлығына енгізілген. Сонымен қатар аудандағы барлық мектептерде оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау eduschool.kz сайтында қолға алынған. Сәйкесінше бұл жоба арқылы ата-аналар үйінен шықпай-ақ балаларынан балабақша кезегіне қойып, мектепке қабылдауға қажетті құжаттарын электронды режимде тіркей алады. Өз кезегінде педагогтарды жұмысқа қабылдауды басқару және бос жұмыс орындары кезегі jumys.sitsen.kz ақпараттық жүйесі автоматтандырылды.

Жаңа оқу жылында мектептердің компьютермен үлесін арттыру мақсатында 73 комплект компьютер алу жоспарланған. Сондай-ақ, химия, физика, биология пәндеріне арналған 3 жаңа модификациялы кабинет алынды. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 22 миллион 743 мың теңге қаржы қаралды. Мектептерге қажетті 170 комплект интерактивті құрал жабдықтар да алу жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір