• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:39:35
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 жастағы алматылық оқушының хатын оқып берді. Хатта оқушы жалпы білім беру бағдарламасынан күрделі пәндерді алып тастап, демалысын ұзартуды өтінді.

"Евразия" телеарнасының хабарлауынша, президент баланың хатын оқып болған соң, тиісті органдарға оқушының  барлық сұрақтарына жауап беруді тапсырған.

Көп ұзамай 10 жасар Нұрбақыт Ғалымжан қызықтыратын сұрақтарға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жауап жазды.

"Білім министрлігінің жұмысы сіздердің, Нұрбақыт пен сіздің достарыңыздың білімді адамдар болып өсуіне, Қазақстанның дамуына өз үлестеріңізді қосуға бағытталған. Сонымен қатар, оқу жоспарының барлық пәндері маңызды және басқа пәнді білместен бір пәнді оқу мүмкін емес деп айтқым келеді. Жаратылыстану  – бұл сізді айналаңыздағы әлеммен таныстыратын өте қызықты тақырып. Ал Өлкетану – сіздің туған және өмір сүрген жеріңіздің тарихы туралы айтады", – дейді министр.

Өз кезегінде, Нұрбақыт Ғалымжан хатына жауап бергені үшін ел президентіне және тиісті бөлім басшысына үлкен алғысын білдірді. Сондай-ақ күрделі пәндерге басқаша қарауға тырысатындығын да айтты.

Еске салсақ, алматылық оқушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, онда мереке күндерін көбейтуді, мектепте "Жаратылыстану" және "Өлкетану" пәндері оған қиын болатындығын және оны қажет емес деп алып тастауды және мектептегі спорт секцияларының тегін болуын сұрады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір