• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:04:17
Алматы
+35°

Пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір пойыздардың бағыты өзгереді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

Атап айтқанда:

№375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды; №85/86 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді; Cол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді «Павлодар – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша қатынайды; Күн ара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады;

Сонымен қатар алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді:

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты: № 153/154 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді № 353/354 пойызы болып өзгереді; № 375/376 «Нұр-Сұлтан – Өскемен-1» енді № 67/68; № 377/378 «Алматы-Маңғыстау» енді №77/78;

Жеке тасымалдаушылар:

№ 312/311 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ке қарасты); № 307/308/ «Нұр-Сұлтан – Жезказған» енді №107/108 ( «Марал Нұр» ЖШС); № 617/618 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» енді №117/118 («Марал Нұр» ЖШС).

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір