• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:08:14
Алматы
+35°

7 қараша күні Алматыдағы Республика Сарайы жанындағы скверде қазақтың белгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың қоладан жасалған ескерткіші ашылды.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, музыканттар мен әншілер, оның ішінде Мұхтар Шаханов, Роза Рымбаева, композитордың жесірі Жәмилә Қалдаяқова қатысты.

Ескерткішті ашқан Бақытжан Сағынтаев Шәмші Қалдаяқов шығармашылығымен дүйім жұрттың таныс екенін атап өтті. Оның әндерін композиторды «қазақ вальсінің королі» атаған аға ұрпақ ерекше ұнатады.

«Бүгін біз алматылықтардың жас ұрпағы және барша қазақстандықтар үшін оның есімін ұлықтадық. Шәмші ағамыз өзінің әндерін жастарға да, жастардың махаббатына да, думанға да, ел абыройын асқақтататын жағына да арнаған. Ол әндерімен әр шаңырақты тербетіп қойған жоқ. Бүкіл қазақ жерін тербетті. Ел тәуелсіздік алған соң халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оның атағын одан әлдеқайда бұрын берген. «Қазақ вальсінің королі» деген. Ондай атаққа жететін атақ жоқ. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сазгердің зайыбы марқұм көзі ттірісінде өзін бақытты сезінгенін айтты. 

«Бүгін сондай құтты күн. Келіп, бас иіп құттықтап келгендеріңізге рахмет. Шәмші Қалдаяқов халықтың сүйген композиторы, бақытты жан. Маған «Жәмила, мен өте бақытты адаммын, мені халық жақсы көреді, барған жерімде құрметтейді» деп айтатын», – деді Жәмила Қалдаяқова.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір