• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:46:22
Алматы
+35°

Ресей мен Қазақстан шекарасындағы ресейлік өткізу пункттерін қайта құру және жаңарту бағдарламасы 20 миллиард рубльге (шамамен 314 миллион доллар) бағаланады. Бұл туралы Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Орешкин Омск қаласында өткен Ресей мен Қазақстан арасындағы ХVI аймақаралық ынтымақтастық форумында мәлімдеді.

Минсирдің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта шекарада 49 шекара өткізу пункті жұмыс істесе, олардың көпшілігі шамадан тыс кептелістерден арылу үшін инфрақұрылымды жаңарту қажет.

"Бағдарлама жасалды, алғашқы 18 өткізу пункті бірінші кезеңге енеді. Ресей тарапынан бұл бағдарламаны қаржыландыру шамамен 20 миллиард рубльді құрайды", – деді Орешкин.

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара сауда-саттықтың өсу қарқыны біршама бәсеңдеді. Мұның бір себебі  – шекарадан өту кезінде операторлардың шығындарының артуы.

Ресейлік департамент екі елдің жұмысын үйлестіру қажет екенін баса айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір