• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 02:57:57
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

07 Қараша, 2019 NEWS

Алматы-Тәжікстанмен ынтымақтастығы күшейеді

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы Тәжікстанның Бас консулы Баходур Назирді қабылдады, олар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастар перспективаларын кеңейту мәселелерін талқылады, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Бақытжан Сағынтаев дипломат көтерген мәселелердің қарастырылатынын және «Алматы» ӘКК арқылы жүзеге асыруға ұсынылатынын атап өтті. Айта кетерлігі, біріккен жобаларды орындау үшін қаланың кәсіпкерлері шақырылатын болады.

Б. Назир басты бағыттардың бірі ретінде Алматыға ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуді қарастыруды ұсынды. Дегенмен, Тәжікстан үшін жеміс-көкеніс өнімдерін сақтау және қайта өңдеу жөніндегі көлік-логистикалық кешендерді құру тәжірибесі қызық.

Бұған қоса, тараптар мәдениет саласында да өзара іс-қимылдың қажет екендігіне назар аударды. Алматылық шығармашылық ұжымдар Душанбе алаңдарында, ал тәжіктіктер Алматыда өнер көрсете алады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір