• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:19:08
Алматы
+35°

Шымкенттегі құрылыс алаңында 3 техниканы топырақ басып қалып, 2 жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше түнде сағат 21.15-те Нұрсәт мөлтек ауданында орын алған, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тоғыз қабатты үйге 25 метрлік тереңдікте шұңқыр қазу кезінде қабырғасы құлап кеткен.

Оқиға салдарынан шұңқырды қазып, тегістеп жатқан үш техника (1 жүк тиегіш, 1 кран және 1 жол тегістейтін каток) жүргізушілерімен бірге үйіндінің астында қалған. Құтқару жұмыстарына ТЖД (40 қызметкер, 11 техника), жергілікті атқарушы орган (10 жұмысшы, 2 техника), ПД (15 қызметкер, 2 техника), "ЮгСтройСервис-Н" ЖШС (35 жұмысшы, 2 техника), "103" қызметі (4 қызметкер, 2 техника) жұмылдырылды.

Құтқарушылар бір техниканы шығарып, оның жүргізушісі аман қалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір