09 Қараша, 2019 NEWS
Фармацевтикалық нарықтағы тендерлік процедураларды жеңілдету үшін роботтар мен жасанды интеллект іске қосылады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«INKAR» фармацевтикалық компаниясы алғаш рет дәрілік препараттар және құрал-жабдықтар нарығында Robotic Process Automation (RPA) жүйесін – бағдарламалық роботтарды (software robots) және жасанды интеллектіні қолдануға негізделген бизнес-үрдістерді автоматтандыру технологиясының түрін енгізеді.
Бағдарламалық робот жүйенің интерфейсімен өзара қатынасқа түсіп, адамның іс-әрекеттерін қайталайды. GVR (Grand View Research, Inc.) деректеріне сүйенсек, 2025 жылға қарай компаниялардың RPA технологияларына жұмсайтын шығыны 3,11 миллиард долларға дейін жетпек.
«Бизнес-үрдістерді сандық трансформациялау» - «INKAR» фармацевтикалық компаниясы ресейлік IT әзірлеуші DBH компаниясымен қол қойған келісім, дәрілік препараттар мен құрал-жабдықты жеткізу және өткізу бойынша сыртқы және ішкі бизнес-үрдістерді толық автоматтандыруға бағытталған.
Келесідей қолмен жасалатын жаттанды операциялар автоматтандырылады:
- бағаларды мониторингтеужәне жүктеу;
- дебиторлық/кредиторлық берешекті бақылау;
- тендерлік процедураларға арналған мәліметтерді салыстыру және дайындау;
«INKAR» компаниясы стратегиялық серіктестік аясында технологиялық үрдістерді автоматтандыруға бағытталған бірқатар міндеттерді жүзеге асырады. Технологиялық үрдістерді роботтандыру компанияның 12 астам бағытын қамтиды. Ең алдымен логистика, персоналды дамыту, құжат айналымын автоматтандыру және Үкімет органдарына есептілік жіберу мен өзара әрекет ету бағыттарындағы бірқатар үрдістерді автоматтандыру жобалары жүзеге асырылмақ.Тиімді технологияларды қолдану компанияның халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін өсіріп, болашақта импортталатын дәрілік препараттардың бағасын оңтайландыруға оң әсерін тигізеді», - «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова.
Автоматтандыру нәтижелерді шығару уақытын 10 еседен астам уақытқа қысқартып, пайдаланушылардың механикалық олқылықтарын болдырмауға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар күрделі жағдайларды реттеуге бүкіл уақытын жұмсамай, күніне 3 сағаттан аз уақыт жұмсайтын болды. Адамдардың уақыты босап, басқа үрдістердің сапасы жоғарылай түсті. Уақытында ескерту және берешек шегінен асырып тиеуді тыю арқасында дебиторлық берешек көлемі 5 есе қысқарды.
Роботтар кәсіпорынның есептік жүйесіндегі, сондай-ақ, сыртқы жүйелердегі (сайттар, ақпараттық мәліметтер базасы және т.с.с.) жұмысты жақсы атқарып отыр. Орталықтандырылған бақылау барлық сандық көмекшілердің жұмысын қадағалауға, олардың әрекеттерін және операцияның дұрыс орындалғаны немесе орындалмағаны туралы мәлімдемелерділогтауға көмектеседі. Жұмыс шалыс істелген жағдайда RPA орындалған әрекеттерді егжей-тегжейлі сипаттап, есепті оператордың саралауына жөнелтеді, ал оператор роботтың жұмысының логикасын нақтылап, жаңа шарттар енгізеді.Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану уақыты ішіндегі мұндай әдіс роботты көп жағдайда дұрыс әрекет етуге үйретіп, адамның қатысу қажеттілігін мейлінше азайтуға көмектесті.
Осының арқасында кәсіпорынның сыртқы жағдайлардың өзгеруіне қарай әрекет ету уақыты қысқарды. Негізгі бизнес-үрдістердегі ақпараттың көкейкестілігі артты.
Компания туралы анықтама айта кетсек:
«INKAR» фармацевтикалық компаниясы 1998 жылдың қараша айында құрылған. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша компания бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең ірі 3 фармдистрибьюторларының қатарынан саналады. Серіктестік импорттайтын дәрілік құралдар мен медициналық-санитарлық қолдануға арналған бұйымдардың көлемі жыл сайын 40% кем емес өсім көрсетуде.
DBH (Digital Business Helpers) компаниясы RPA технологиясы негізіндегі бағдарламалық қамсыздандыруды жасайтын ресейлік жетекші компаниялардың бірі болып табылады.
Компанияға өздерінің бизнес-үрдістеріне жаңа технологияларды енгізе отырып, шығындарын қысқартуға, адамдардың жұмысындағы қателіктерді азайтуға және нормативтік, сондай-ақ, өзге талаптардың орындалуын жақсартуға үміттенген ірі ресейлік және шетелдік компаниялар сенім артады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір