• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 19:03:54
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қараша, 2019 NEWS

Тоқаев Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук желісі арқылы хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук желісі арқылы хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті", - деп жазды Берік Уәли.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір