• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:38:57
Алматы
+35°

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Маминнен қаржы министрі Әлихан Смайылов он айдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игермегені үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бағдарламалар жетекшілерін жауапқа тартуды сұрады, – деп хабарлайды.

"Өкінішке қарай, бюджеттің үш рет нақтыланып, екі рет түзетілуіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті жерлерде 10 айдың қортындысы бойынша қомақты сома игерілмей қалған. Сол себепті, Асқар Ұзақбайұлы бюджет қаражатының игерілмеуіне себепші болған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті бюджеттік бағдарламалар жетекшілерін жауапқа тартуды сұраймын", –  деді Смайылов.

Министрдің мәлімдеуінше, республикалық бюджеттің шығыстары 9 триллион 565 миллиард теңгені немесе 99,2%-ті құрады.  Оның ішінде 79 миллиард теңге орындалған жоқ, 11 миллиард теңгесі үнемделген. Ал 68 миллиард теңге игерілмеген.

"Бұл жерде нақтыланған бюджеттің өзгерістері ескерілген жоқ. Олар қараша айында көрініс табады", – деп  үкімет отырысында вице-премьер жауап берді.

 Сондай-ақ қаржы министрі:  "Ол түзетулер бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлау және пайдалануда жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Осы заң бұзушылықтарға енді әкімшілік жауапкершілік көзделіп отыр. Бұл ретте, әкімшілік жауапкершілікке бюджеттік бағдарламалардың жетекшілері ғана емес, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары да тартылады", – деп сөзін түйіндеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір