• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:50:14
Алматы
+35°

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбай өзінің facebook-тегі парақшасында әлеуметтік желілер арқылы лоторея ойнату деректеріне қатысты ислам дінінде не делінгені жөнінде айтты.

"Бүгінде әлеуметтік желіде әртүрлі лотерея ойнату модаға айналып отыр. Бірі ескі көлігін, үйін қымбат бағаға сатуды амалдаса, енді бірі оқырманының санын көбейтуді көздейді. Жұрт әйтеурі оңай олжадан үмітті. Бірақ қарымына ешнәрсе алынбай ойнатылған кез-келген лотерея түрінің шариғатта харам екенін, құмар ойынға жататынын ойнатқандар да, ақшасын салып қатысқандар да білуге тиіс. Мысалы, мың адам қатысып, олардың жинаған ақшасына алынған сыйлыққа бірнеше адамның ғана иелік етуі әділдікке жатпайды. Ойынға қатысқан адамдардың ақшаларын ризашылықпен берулері бұл істі ақтап ала алмайды.

Бірақ мына жағдайды бұдан бөлек қарастыруға болады. Егер кісі қандай да бір затты нарықтағы нақты құнына сатып алса, сосын сатушы тарап өздерінің пайдасынан ұтыс ойнатып, жүлде тіксе, бұл харам емес. Өйткені бұл жерде әр адам өзінің ақшасының қарымына зат сатып алып тұр. Ал ойнатылған жүлде сатушының пайдасынан беріледі.

Бұл жерде сатып алынған заттың нарықтағы бағасына сай болуы маңызды. Әйтпесе, екі мың теңгелік тауарды 7000 теңге сату да арам істі адал жасаудың амалы ғана. Лотереяны саудамен бүркемелеуге жатады".

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір