• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:23:33
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған «Волонтер жылының» қарсаңында Жамбыл облысының «Өрлеу» бастауыш партия ұйымы «Өмір – ғажайып» әлеуметтік жобасын бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 

«Nur Otan» партиясының мүшелері өздерінің негізгі жұмыстарынан бөлек, қарттар мен балаларға, қиын жағдайға душар болған отбасыларға қол ұшын беріп, қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысады. Шетелдік орталықтардың тәжірибесі бойынша, «Өрлеу» БАҰ мүшелері Қарттар үйіндегі жалғызбасты қарттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілерін үлкен бір шаңырақ астына біріктірді.

«Мерекелер мен атаулы күндерді бірге өткізу үшін бүлдіршіндер айына бірнеше рет Қарттар үйіне арнайы келеді. Балалар ертеңгіліктер, ретро би кештері мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырады. Жақында №1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын зағип ақын Александр Карпинскийдің өлеңдер жинағы жарық көрді. Ал оның кітабының жарық көруіне біздің бастауыш партия ұйымымыз ат салысты. Сонымен қатар, біз балалардың өздеріне де арнап түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырып, сыйлықтар мен тәттілер үлестіреміз. Ең бастысы – жүрек жылуы мен қуаныш сыйлауға тырысамыз» - дейді Жамбыл облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Гүлшат Медетбекова.

Қиын жағдайға тап болған жалғызбасты аналар мен көп балалы отбасыларға қолдау көрсету – «Nur Otan» партиясы басымдықтарының бірі. Сондықтан да «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының мүшелері волонтерлік жұмыстарға үнемі белсенді қатысады. Атап айтқанда, жалғызбасты және көп балалы аналарға арналған тегін тренингтер, балалар үшін шеберлік-сыныптарын өткізіп, аз қамтылған отбасыларға материалдық қолдау көрсету сияқты т.б. ізгілікті істерді тұрақты түрде атқарып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір