• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 23:24:33
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Қараша, 2019 NEWS

Елімізде 25 градус аяз болады

Синоптиктер 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттар оңтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Салдарынан Қазақстан территориясының кей жерлерінде бұрқасын болады. Солтүстік-шығыс желі күшейеді. Көктайғақ күтіледі.

Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Соның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы - 13 -18, кей жерлерде -20 -25 градусқа дейін төмендейді. Бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С төмен.

Республиканың батысында ғана осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз.

 

Ілмек сөздер: Қазақстан аяз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір