• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:18:04
Алматы
+35°

13 Қараша, 2019 Маңғыстау облысы

Ақтауда "Ай сырғалы ақ шағыл" атауымен маңғыстаулық ақын Нұргүл Маулинаның шығармашылық кеші өтті.  Шарада ақынның 30-ға жуық өлеңі оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалды. 

Көңілдің нәзік қылын шертер сезімге толы поэзия, ақынның мұңы мен шері, өкініші мен қуанышын сипаттайтын жүрекжарды жырлары, шараның шымылдығын кеш иесінің өзі ашты. Кештің ерекшелігі де сол, өлең де ән де жанды дауыста орындалды.

-Бұл кешті өткен жылдың сәуірінде жоспарлағанбыз. Сонда Маңғыстауға келіп, өткізсем деген арманым болды. Бүгін сол кешім өтіп, көңілім бірленіп тұр. Қашан келесіз деген оқырмандарымды кездестірдім, дейді ақын Нұргүл Маулина. Маңғыстау

Кешке өнер иесін құттықтап, алыс-жақыннан  ақындар келді.  Олар жылы лебізі мен ізгі тілектерін білдірді. Ай сырғалы ақын поэзия сүйер қауымның сүйіспеншілігіне бөленді. Көрерменнің ілтипаты мен қошеметі зор болды. 

Айта кетейік, бұл ақынның  2-ші шығармашылық кеші. Осыған дейін  Алматы қаласында ұйымдастырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір