• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 22:29:49
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қараша, 2019 NEWS

Балалар тау шаңғысымен сырғанау негіздеріне тегін оқытылады

Алматыда қысқы маусымның басты трендінің бірі – тау шаңғысымен сырғанау. Шаңғымен сырғанау – адамның жалпы физикалық дамуына жағымды әсер ететін белсенді спорт түрі.

Алматы қаласының әкімдігі және "Алматы Спорты" әлеуметтік жобасымен бірлесіп 10 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды тау шаңғысы спортынан сырғанау негіздерін тегін үйретеді. Бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға басымдық беріледі.

Әлеуметтік бағдарлама аясында білікті нұсқаушылар қалай дұрыс, ең бастысы, қарлы беткейлерде қауіпсіз сырғанауды үйретеді. Жаттығу 2019 жылғы 18 қарашадан 13 желтоқсанға дейін, "Шымбұлақ"тау шаңғысы курортында, екі ауысымда жоспарланған. Бір балаға 60 минуттан 4 сабақ қарастырылған. Қажетті жабдықтар тегін беріледі.

Сайтта тіркеу almatysporty.kz немесе Бөгенбай батыр көшесі, 66. Сондай-ақ, барлық қажетті құжаттарды сканерленген нұсқада поштаға жібере аласыз info@arnage.kz

  1. Ата-анасының аты-жөндері, ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі, баланың туу туралы куәлігі (2 көшірме);
  2. нақты мекен-жайы, байланыс телефоны;
  3. баланын мектепте оқыту ауысымын көрсету;

Барлық сұрақтар бойынша телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады:

8 (727) 291 33 24

+7 (707) 245 72 55

+7 (707) 343 96 77

+7 (778) 352 61 41

шаңғы
         

шаңғы

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір