• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:03:27
Алматы
+35°
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласында өтіп жатқан Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте тұрғындардың мал жаятын жер таппай қиналып жүргенін айтты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі туиттердегі парақшасында хабарлады.

– Облыстағы жайылымдық жердің көлемі шамамен 4,5 миллион гектар, соның 88%-і пайдаланылып отыр. Ауылдық елді-мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек, – деді президент.

Жиын барысында мемлекет басшысы өңірдегі елеулі өзгерістерге тоқталды.

– Екі жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 900 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді, – деді Қ. Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір