Ішкі істер министрлігі "изолятордан қашып шықты" делінгенген Ағаділге қатысты түсініктеме берді (видео)

/image/2019/11/14/crop-153_32_578x1027_snimok-ekrana-62.png

Қазақстанның ішкі істер министрлігі белсенді  Дулат Ағаділдің "изолятордан қашып шыққанына" қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ведомство өкілдері белсенді туралы ақпарат беруді талап етіп Нұр-Сұлтандағы минстрлік ғимаратына барған елордалық белсенділерге айтқан.

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің өкілі Кәрім Қасымов Ағаділдің Ақмола облысы Цилиноград ауданындағы уақыша ұстау изоляторынан қашып шыққанны туралы видео айғақ бар екенін айтқан. 

- Видеодан оның сыртқы киімін қалай кигені, жарықты қалай сөндіргені көрінеді. Ол "аяғым ауырады, біраз жазып алайын" деп дәлізде жүруге сұранған. Оның серуендеуге құқығы бар. Кезекші далада суық болғандықтан дәлізде жүруге рұқсат берген. Сүйтіп жүрген кезде кезекшіні телефонға шақырған. Ал дәл сол кезде ол дәретханаға баруға сұранған. Рұқсат берген. Сүйтсе сыртқы құлпының бірі жабылмай қалған екен. Соны көріп, ашып кетіп қалған. Іздері де бар, - деді Кәрім Қасымов.

Ішкі істер минстрлігінің тағы бір өкілі Абай Қайырбеков Дулат Ағаділ туралы ақпарат беруді талап еткен белсенділерге "оқиға орын алған Ақмола облысы Цилиноград ауданындағы уақытша ұстау изоляторында осы іске қатысты тергеу жүріп жатқанын" айтты. Тергеу жүріп жатқанына байланысты басқа мәліметтер айтылмайтын айтқан Қайырбеков Ағаділді іздеп жатқандарын мәлімдеді. 

Министрлік өкілдернің Ағаділге қатысты айтқан ақпаратына сенбейтінін айтқан белсенділер "Егер Дулат Ағаділді бүгін таппаса, алаңға шығамыз" деді.

Ағаділдің уақытша ұстау изолаяторынан "қашып шыққаны" туралы ақпарат 13 қараша күні кешке қарай шыққан.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар