• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:39:00
Алматы
+35°

10 Қараша, 2019 Дәстүр

Дәурен Абаев: "Домбыра" арнасына қолдау көрсетуге дайынбыз

Көп ұзамай бұл мәселе министр Дәурен Абаевтың да құлағына жетіп, қолдауға дайын екенін айтты. 

Қазан айында Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Домбыра» арнасының жетекшісі Қанат Ержігітовпен әңгімелесіп, "Назарбаевтың домбыра туралы бастамасын билік қолдамай отыр" деген тақырыпта сұхбат жариялады. Арна жетекшісі OTAU TV спутник жүйесіне байқауына құжаттарын жинастырып қатысқанын, дегенмен "Домбыра" телеарнасы қаладағы цифрлік және спутниктік желілерге өтпегенін айтқан болатын.  Көп ұзамай бұл мәселе министр Дәурен Абаевтың да құлағына жетіп, министр арнаны қолдауға дайын екенін айтты. 

«Домбыра секілді мәдениет, білім саласындағы телеарналарды мемлекет тарапынан қолдау білдіруі керек. Өйткені жеке дара кәсіпкерлер мұндай қадамға бара бермейді. Біз қолдауымыз керек. Егер келесі комиссиялық отырыста құжаттарын дұрыстап тапсырса, комиссия мүшелері дұрыс шешім қабылдап жатса, қолдауға болады деп ойлаймын. Бұл арна жұмысын істеп жатыр. Тек бұл арнаның жетекшісі OTAU TV  спутниктік жүйесіне кіруді қалап тұр. Мұнда 100-ге жуық арна бар. Соның ішінде 30 арна қаражат төлемейді. "Домбыра" телеарнасы да сол 30 арнаның қатарына кіргісі келеді. Бірақ мұны тек комиссия мүшелері шешеді. Біз қолдауға дайынбыз. «Домбыра» арнасының қаржылай көмек қажет немесе OTAU TV спутник жүйесіне қосыңыздар деген өтінішін қарастыруға болады", - деді Дәурен Абаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір