• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:10:50
Алматы
+35°

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары даладан әйелдің өртенген мәйітін тапты, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Ресми ақпаратқа сүйенсек, әйелдің денесі Новая Дубовка ауылынан екі шақырым қашықтықта табылған. Мәйіт толығымен өртелмеген. Тергеушілер әйелдің Абай ауданының 42 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол әйелдің танысы болып шықты. 

"21 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Әйелмен ұрсысып қалғасын оған жарақат салған. Артынан мәйіттен құтылмақшы болған. Сөйтіп, 21 жастағы досымен бірге әйелдің денесін далаға апарып, өртеп жіберген", – дейді облыстық полиция мамандары.

Күдіктілердің мәйітті қай көлікпен тасымалдағаны анықталды. Көлік құралы тәркіленді. Күдіктінің жолдасына қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қаралып жатыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір