• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 19:26:54
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қараша, 2019 NEWS

Өскеменде Жамбыл Жабаевқа арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті

Шығыс Қазақстанның облыс орталығында, Жамбыл саябағында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Жоба облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен жүзеге асырылды. Ескерткіштің авторлары атақты мүсіншілер Сәрсен Сеитов пен Қазыбек Дулатов.
 
Ескерткіштің ұзындығы екі жарым метрге жуық. Тастың үстінде домбырада ойнап отырған Жамбыл Жабаевтың қоладан жасалған бейнесі бірнеше баспалдақтан тұратын дөңгелек алаңы бар тұғырға орнатылған.
 
Ескерткіштің ашылу салтанатына Жамбыл Жабаевтың туыстары, өңірдің зиялы қауымы мен қала жұртшылығы, аймақ басшысы Даниал Ахметов қатысты.
 
– Ақынның шығармашылығы жазбаша және ауызша күйінде қазақ халқының арасында кеңінен таратылды. Оның туындыларынан Отанға деген махаббаты байқауға болады. Ол халықтың мұңы мен еркіндігін, тарихи тұлғалар мен батырлардың ерлігін жырға қосып, қоғамдағы келеңсіз жағдайларды сынға алып, шыншылдық туралы өлең шығарды. Ақынның туындылары ауызша түрде халық арасында таралып, кейіннен бірнеше тілге аударылды. Бүгінде оның шығармашылығын Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Чехия мен Словакия елдерінде жарық көрген кітаптардан да оқуға болады. Бұл саябаққа Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Сондықтан осы алаң шығармашылық кездесулер мен байқаулардың, танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінің бас қосатын мекеніне айналсын, – деді Даниал Ахметов.
а
 
Айта кетейік, Қазақстандағы ғимараттарға, көшелер мен саябақтарға ақынның аты-жөні берілген. Сондай-ақ ескерткіштер ашылған. Шығыс Қазақстанда Жамбыл Жабаев атынадғы 5 мектеп, 3 елді мекен, 33 көше бар.
а

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір