• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 19:59:17
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

15 Қараша, 2019 NEWS

Бизнес-қоғамдастық өкілдері «Алматы – 2050» Стратегиясының жобасын талқылады

Мегаполисті ұзақ мерзімді дамыту бойынша әзірленген құжат сарапшылар мен жұртшылықтың кеңінен талқылауына ұсынылды. Жоба нұсқасы бойынша Алматының Іскерлік кеңесінің мүшелері жұмыс істеді, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Алматыны дамытудың басты стратегиялық құжаты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша талқылануда. Алматы әкімі мегаполистің тыныс-тіршілігіне қатысты әзірлеген барлық маңызды құжаттарды жұртшылықтың барлық өкілдері, ҮЕҰ, іскер жандар, қаланың белсенді азаматтары жан-жақты талқылаулары тиіс екенін атап өтті.

Бүгін қала әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, қаланың «Атамекен» ҰКП-ның және «Алматы» ӘКК-ның өкілдері Алматының Іскерлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кеңес құрамына жаһандық бағдарламалар, тиімділікті басқару, «ақылды қаланы» дамыту және инновациялық даму, урбанистика және көлік, креативті индустрия, қоғамдық бастамалар комитеттері енеді.

«Халық банкі» АҚ басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова, «AB Restaurants» ЖШС басқарушы директоры Асқар Байтасов, «Magnum Cash&Carry» ЖШС басқармасының төрағасы Азамат Османов, «СК Сентрас Иншуранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ельдар Әбдіразақов, IDC вице-президенті Андрей Беклемишев, «Tan media Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ЗТБ-нің атқарушы директоры Мунавара Палташева, «Ракурс» ЖШС серіктесі Досым Қыдырбаев, Ernst&Young басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, «Oi-QaragaiLesnayaSkazka» ЖШС бас директорының орынбасары Дана Балфанбаева өз ұсыныстарын айтты.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері қала әкімі Б. Сағынтаевтың Алматыны ұзақ мерзімді дамыту жөнінде айтқан негізгі жеті бастамасын жүзеге асыру шараларын талқылады.

Іскерлік кеңестің комитеттері ұсыныстар мен талқылауларды жинақтайтын, сонымен қатар бизнес-қоғамдастықтың, азаматтық сектордың, үкіметтік емес ұйым мен әкімдіктің қаланы дамытуға бағытталған ұсыныстарын өңдеу мен жүзеге асырудың пәрменді диалог алаңына айналулары тиіс.

Еске салсақ, бұрындары «Алматы – 2050» стратегиясының жобасы қаланың сарапшылар қоғамдастығымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен талқыланған еді. Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Стратегия жобасы таяу арада халықтың кеңінен талқылауына ұсынылатын болады. Сарапшылар мен алматылықтардан түскен ұсыныстар жұмысшы топтарының отырыстарында талқыланады. Бұдан өзге, құжат жобасы қолданыстағы барлық диалогтік алаңдарда талқылауға ұсынылады.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір