• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:28:09
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

15 Қараша, 2019 Оқиғалар

Бас прокуратура ғимаратына барған Дулат Ағаділді полиция ұстап алып кетті (видео)

13 қарашада Ақмола облысы Целиноград ауданының уақытша ұстау изоляторынан "қашып шықты" делінген қоғам белсендісі Дулат Ағаділ бүгін, 15 қарашада Facebook арқылы мәлімдеме жасады. Ағаділ видео мәлімдемесінде қамау орнынан не себепті "шығып кеткенін" айтты. 

Белсендінің айтуынша, қамау орнынан қашып кету арқылы ол изолятордағы заңсыздықтарды, күзеттің дұрыс жұмыс істемейтінін, кез келген адамның ол жерден қашып шығуына кедергі жоқ екенін дәлелдемек болған. 

"Мен шынымен де қашып кеттім, қашуға мәжбүр болдым. Себебі мені бір айдың ішінде бес рет соттады. Жоғарғы сотқа, бас прокурорға, ішкі істер министріне хат жаздым. Бірақ олардан жауап келмеді. Менің қашып кету себебім: осы әділетсіздіктерді халыққа жеткізгім келді" деді Дулат Ағаділ.

Дулат Ағаділ "көрген әділетсіздіктерімді Қазақстанның бас прокуратурасына барып айтамын" деп 15 қарашада таңертең Нұр-Сұлтандағы бас прокуратура ғимаратына барған кезде полицейлер оны сол жерден ұстап әкетті.

13 қарашада кешке қарай Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының тұрғыны 42 жастағы белсенді Дулат Ағаділдің осы аудандағы тергеу изолятордан "қашып кеткені" туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған

14 қараша түске қарай ішкі істер министрлігі ведомство ғимаратына барған белсендінің жақтастарына Ағаділге қатысты түсініктеме берді.

14 қарашада түстен кейін Ақмола облысы Целиноград аудандық полиция бөлімшесі Дулат Ағаділ жайлы видеоны жақтастарына көрсеткен. Ал белсенділер полицияның сөзін, олар көрсеткен видеоға күмән келтірген еді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір