• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:23:45
Алматы
+35°

14 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

«Сот төрелігінің 7 түйіні» халықтың сотқа сенімін арттырды

Біз қоғам дамыған уақытта өркениет жетістігінен көш кері  қалмауымыз қажет.

Қазіргі уақытта бұрынғыдай емес, сотқа, сот шешімдеріне халықтың сенімі арта түсті. Оның да себебі бар. Өйткені осы салада соңғы төрт-бес жылда жанды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сот саласындағы реформалар ең алдымен Елбасы тапсырмасы бойынша жүзеге асқанын да атап өту керек. Бұл орайда «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» да бар. Бұл тұжырымдамада сот саласын дамытудың негізгі бағыттары атап көрсетілген. Бүгінгі жүзеге асырылып жатқан реформалардың барлағы да бастауын сол кешеден алған. Оңды нәтижелердің көрінуі мен халықтың сотқа деген сенімі де осының арқасы екендігі сөзсіз.

Біз сөз етіп отырған құқықтық саясат тұжырымдамасында «Қоғам сот билігінің қызметін толық, объективті және бейтарап жария етілуіне мүдделі. Осы мақсатта халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуін ұсыну арқылы сот жүйесінің ашықтығы мен айқындылығы деңгейін арттыру қажет» деп атап көрсетілген.

Шындығында дәл қазір Қазақстандағы сот жүйесінің ашықтығына еш күмән жоқ. Айыпталушыға сот шешімі немесе судьяның үкімі шыққанға дейін қарапайым халық мұның барлығын интернет немесе фейсбук желісі арқылы тікелей эфирден көріп отырады. Айыпталушы немесе куәгер қалай жауап беріп, одан қалса, судья іс процесін қалай жүргізіп отыр, мұның барлығын халық қарап отыр.. Сондықтан да судьяның әділетсіз шешім шығарып, істі бұрмалауына еш негіз жоқ. Оның үстіне қазіргі уақытта сот залындағы процестердің барлығы да аудио және видеотаспаларға жазылып алынады.

Ең негізгі мәселе, қазіргі уақытта «Сот төрелігінің7 түйіні» атты жаңа бағдарламалық құжат әзірленген және ол жүзеге асып жатыр. Бұл анығын айту керек, сотқа төрелік ететін мамандардың жүздеген ұсыныстарынан кейін барып Жоғарғы сотта қабылданған құжат десе де болады. Осы құжаттың негізінде соттың даму бағыты айқындалған. Ал «7 түйін», ол не?

  1. «Әділ процесс»,
  2. «Е-СОТ»,
  3. 3 «Үлгілі сот»,
  4. 4«Сапалы нәтиже»
  5. «Оңтайлы орта»
  6. «Мінсіз судья»
  7. «Сотсыз татуласу орталығы»

 Ал аталған жеті бағыттың сот жүйесіне қандай тиімділігі бар? Көп пайдасы бар. Бұл сот саласындағы соңғы үш-төрт жылда жасалған өте жемісті және ауқымды реформа. Мұны халық та көріп, сезіне бастады. Сонымен, «7 түйіннің» не пайдасы бар?

  1. Аталған құжат сот жүйесінің даму тұжырымдамасын құрап отыр.
  2. Осыдан кейін халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділігі артты.
  3. Сот жүйесі айқын және ашық бола бастады.
  4. Сот төрелігіне сенім күшейді.
  5. Судьялар әрбір істі тиянақты қарайтын болды, олардың жауапкершілігі артты.
  6. Халықаралық стандарттарға сай қазақстандық судьялардың келбеті айқындала бастады.
  7. Елімізде жоғары кәсіби сот корпусы қалыптаса бастады.

Әрине бұрынғы кезде сотқа шағым түсірген сәттен бастап, істің барлығы да қаралатын еді. Бұл өз кезегінде судьяларды жұмысын ауырлатып, істі қарау ұзаққа созылып кететін. Ал қазіргі уақытта мұның барлығы да оңтайланды. Тіпті «Түнгі сот» пилоттық жобасы да жұмыс істейді. Егер куәгер мен екі тарап келіссе, заматында судья істі қарап, шешім шығарады. Бұл әсіресе, түнде көп жүретін  автокөлік жүргізушілеріне қатысты. Мұның тиімді жағы бар. Екі тарап сот процесін ұзақ күтпейді.

Ал бағдарламадағы «Сот­сыз татуласу орталығының» басты мақсаты –араздасқан екі жақты мәмілеге әкелу. Ортақ бітімге келтіру. Бұл қазірде әр аймақта,  облыс орталықтарында құрылған, іргелі қалаларда құрылып та жатыр. Мұның тиімділігі өте үлкен. Өйткені  онсыз да жүктемесі көп судьялар бұл істі енді қарамайды. Сотқа дейін татуласса, ең алдымен өздеріне жақсы. Өйткені іс сотқа дейін жетпей тоқтайды. Деректерге сенсек, дамыған елдерде даудың 70-90 пайызы сотқа жетпей, өзара татуласумен аяқталады. Бұл орайда араздасушы екі тарапқа сотқа дейін қорғаушылар, нотариустар мен психологтар және тағы басқа мамандар көмек көрсетеді. Мұның әрине тиімділі өте зор. Бұл  «Сот төрелігінің 7 түйіні» құжатынан бастау алған, тәжірибелі мамандар жұмыс істейтін орталықтар. Демек, мұнан шығатын қорытынды не? Сот ізгілікке бет бұрды. Адамдардың сана сезімі  мен жауапкершілігі де артты. Демек, дау -дамайды сотсыз-ақ шешуге болады екен.

Әрине сотқа жүгінуге  әркімнің де заңдық құқы бар. Бірақ өмірде кездесіп қалатын мысалы,  ағайын арасындағы араздықты сотқа бармай-ақ реттеуге болады ғой. Демек бұл жерде білікті мамандар жұмыс істейтін татуласу орталықтарының маңызы зор.

Тағы бір мысал, қазіргі уақытта әр аймақта жалақы мәселесіне қатысты жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасында еңбек дауы болып жатады. Мұндай жағдайда қайтпек керек? Мәселені сотқа жеткізбей шешкен абзал. Өйткені қордаланған проблемалар шешіледі. Бұл жерде ең алдымен кәсіподақтар федерациясының рөлі зор. Сот пен Кәсіподақтар фелерациясы арасында еңбек дауларын тиімді түрде сотқа жеткізбей шешу туралы меморандумға қол қойылған. Олар екі тарапты мәмілеге келтіреді.. Сөйтіп, кңбек дауларына осылай нүкте қойылады. Мұның барлығы да қазіргі уақытта өркениетті қоғамдағы сот саласының алға озық жүйеде дамып бара жатқанын көрсетеді. Қазақстан қоғамы бүгінде бұл озық нәтижені айқын көріп және сезінуде және қолданып та отыр.

Қазіргі уақытта сот залы түгелдей интернет желісіне қосылған.  Электронды сот ісін жүргізу де дамып келеді. Сот залына бармай-ақ, бейнебақылау мен интернет  арқылы сот процесіне қатысуға  немесе тараптардың сауалына жауап беруге болады. Тіпті үйде, шетелде жүріп-ақ сот процесіне қатысуға мүмкіндік жасалған. Мұның барлығы да керек нәрсе. Өйткені бұл «2010- 2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында» атап көрсетілгендей, қолжетімді ақпарат, соттың айқындылығы мен ашықтығын шынайы түрде көрсетеді. Өйткені біз қоғам дамыған уақытта өркениет жетістігінен көш кері  қалмауымыз қажет.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір