• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:12:18
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

15 Қараша, 2019 NEWS

ДДСҰ өкілі: Әр 24 секунд сайын 1 адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады

Әлем бойынша жыл сайын 1,5 млн адам жол-көлік оқиғасынан қаза табады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі Олег Честнов айтты, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әлем бойынша жыл сайын 1,5 млн адам, күн сайын 2600, әр 24 секунд сайын 1 адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. Бейбіт күнде осындай көрсеткіш болуы –  өте қайғылы жағдай", – дейді Олег Честнов.

 Ол жол-көлік оқиғасынан көз жұму жағдайларын өлімнің алдын алуға болатын себептерге жатқызатынын айтты.

"Өкінішке қарай, Қазақстанда және әлем бойынша 15-29 жас аралығында өлімнің негізгі себебі – жол-көлік оқиғасы. Дәрігерлер жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдарға көмектеседі. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен жағдайда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан 100 пайызының 60 пайызы құтқарылуы мүмкін еді. Дәрігер ретінде көлік жүргізушілеріне айтарым, алғашқы медициналық көмек көрсетуді меңгеріп алу керексіздер", – дейді ол.

Еске салсақ, қараша айының үшінші жексенбісі – Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір