• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:58:59
Алматы
+35°
 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында құрылысы жүріп жатқан Шахристан этно-мәдени кешенімен танысты.

Үкімет басшысының орынбасарына кешендегі жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев баяндады. Бүгінде кешендегі 8 нысан бойынша құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 85-90 пайызы, әрлеу-безендіру жұмыстарының 30-35 пайызы аяқталған. Барлығы 500-дей құрылысшы, 30-дан аса техника жұмылдырылған. Әрлеу жұмыстары Самарқан стиліндегі кірпіштерімен жүргізілуіне байланысты Өзбекстаннан арнайы мамандар тартылуда. Инфрақұрылым мен қамту шаралары толығымен орындалып біткен. Жалпы төрт гектар аумақты құрайтын орталықтағы құрылыс жұмыстарының толығымен аяқталуы қараша айының аяғына жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Б.Сапарбаевқа кешен басында стенд арқылы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенініндегі жоспарлы шаралар жайы да таныстырылды. Вице-премьер жасалып жатқан жұмыстарды құптап, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз тарихын таныту жұмыстары Түркістанды дамытумен қатар жүргізілуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ, көне Таразды халықаралық туристік орталыққа айналдырудың маңызын баса айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір