• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:16:12
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі параның қай банктер арқылы берілетінін жариялады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеуші Данияр Бигайдаровтың мәлімдеуінше, бүгінде әртүрлі электронды жүйелер арқылы пара беру әрекеттері жыл сайын көбейіп келеді.

"Биыл Kaspi банктің төлем жүйелері арқылы пара беру фактілері анықталған. Соның ішінде Kaspi Gold, Kaspi әмиян және тағы басқа қызметтер бар. Мысалы, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының  басшысы бөлім басшысы арқылы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерін жұмысқа алғаны үшін 700 мың теңге көлемінде пара алған. Ол ақша Kaspi Gold арқылы аударылды", – деп Бигайдаров астанада өткен баспасөз мәслихатында жауап берді. 

Сондай-ақ тергеушінің айтуынша, басқа банктердің есепшоттары арқылы пара беру әрекеттері де аз емес.

Атап айтсақ, Павлодар облысында АП-162/10 мекемесі басшысының міндетін атқарушы Хасенов пара алғаны үшін 6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ол сотталушының жазасын қысқарту туралы ұсынысты сотқа жолдағаны үшін 200 мың теңгенің парасын Halyk bank-тегі есепшотына аударту арқылы алғаны белгілі болды.

Одан өзге елімізде Kiwi әмиян, Olimp букмекерлік кеңсесінің логиндері мен ұялы телефонға баланс салу арқылы пара беріледі. Мысалы, Батыс Қазақстанда ұлттық ұланның әскери бөлімше бастығының орынбасары Омаров пен киім-кешек қызметінің бастығы Қыдыров кәсіпкерден 300 мың теңгенің парасын Kiwi әмиян арқылы алған.

Ал Қарағанды облысында түрме қызметкері Курков деген азамат 12 миллионның айыппұлын төлейтін болды. Ол сотталушының жағдайын жақсартқаны үшін 200 мың теңгені Olimp букмекерлік кеңсесіндегі логиніне салып беруді талап еткен.

"Солтүстік Қазақстанда Исраилов деген азамат мүгедектік туралы анықтама үшін параны ұялы телефонға баланс салу арқылы берген. Негізі, ондай қылмыстарды анықтау қиын емес. Осы салада проблема жоқ", – деп сөзін түйіндеді Бигайдаров.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сыбайлас жемқорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір