• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:42:12
Алматы
+35°

РФ-да Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың негізін қалаушы Ораз-Мұхаммед Онданұлының тұлғасы мен қызметі туралы халықаралық конференция өтті. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазіргі тарихтағы Ораз-Мұхаммед Онданұлының рөлі" атты ғылыми конференцияға Қазақстан мен Ресейдің тарихшы ғалымдары, университет профессорлары қатысты.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов ашты.

Баяндама барысында елші  қазақ халқымен Ораз-Мұхаммед сұлтанды араға үш жарым ғасыр салып қайта қауыштырған жазушы Мұхтар Мағауинның "Аласапыран" романы екенін еске салды.

 Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, барша Алаш жұрты үшін байрақты бабамыздың жат елде жарты патшалық құруы аңызға бергісіз ақиқат.

"Ал оның ел мен елді табыстырған қызметі – мәртебелі абырой. Өйткені Ораз-Мұхаммед орыс жеріне жеке дара келген жоқ. Ол бүкіл ел аманатын, ұлы даланың дос пейілі мен бейбіт ықыласын ала келді. Содан болар табиғи тәкаппарлығы мен батылдығының, зеректігі мен әділдігінің арқасында үлкен беделге ие болды. Осы елдің тағдыршешті сын сағатына араласты. Атқа қонып, еңселі ертеңі үшін күресті. Адамдар тарихи процестердің логикасын ұғынуға тырысып қана қоймайды, сонымен қатар процестің инерциясына әсер етіп, оқиғалардың барысына бетбұрыс жасаған қаһарман тұлғалар туралы ақиқатты да білгісі келеді. Ұлы Далада ғана емес, жат жұртта, орыс жерінде даңқты істерімен танымал болған Сұлтан Ораз-Мұхаммедті осындай тұлғалардың шоғырына жатқызуға болады", - деп елші сөзін түйіндеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір