Ішкі істер министрлігі экс премьер-министр Серік Ахметов пен экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған танымал тергеуші Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Азамат Е.И.Нәбиевтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның барысында арызданушының дәлелдері тексеріледі. Сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жария етілмейді", – деп Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Арыз беруші Ерлан Нәбиев – "Energo" ЖШС директоры, ол бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісі бойынша күдікті ретінде жауап беріп жатыр.
"Қылмыстық іс Нәбиевтің арызы негізінде Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель мен прокурор Бауыржан Ғаббасовқа қатысты азаптау фактісі бойынша тергелуде", – деп адвокат Хамида Айтқалиева Facebook желісінде ішкі істер министрлігі бастаған тергеуді түсіндірді.
Қылмыстық іс бойынша бас прокуратураның қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-бөлігі – тергеушінің, анықтаушы тұлғаның немесе олардың рұқсатымен басқа адамның азапталушыдан немесе өзге адамнан ақпарат алу немесе мойындату мақсатында қасақана дене және (немесе) психикалық азап шектіруі бойынша күдікке ілінді.
Сондай-ақ кінәлі адамға бес мың айлық есептік көрсеткіш (2019 жылы 1 АЕК – 2525 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір