• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:27:29
Алматы
+35°

Алматыда "Ғылым ордасында" әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлер "ÓZGERIS USTASY" жүлдесімен марапатталды.

Белгілі бір топтың дамуына ғана үлес қоспай, тұтас қоғам дамуына мұрындық болып, кәсібін дөңгелетіп отырған осы бір ерекше жандардың игі ісі көңілге қуаныш сыйлайды. Сондықтан әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы көрнекті мамандардың еңбегін қоғамның мойындауы, отандық әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару және Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті танымал ету үлкен маңызға ие.

Сыйлық екі санат бойынша берілді: әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін ұйымдар.

а

ҮЕҰ арасынан жеңімпаздарды анықтау екі кезеңде өтті. Алдымен, жергілікті және шетелдік сараптама ұйымдарының өкілдері кіретін сараптамалық комиссия финалистерді таңдады. Екінші кезеңде жеңімпаздар ашық онлайн дауыс беру негізінде таңдалды. Үздік атаумен бірге ҮЕҰ арасындағы жеңімпаздарға 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Ал әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін ұйымдарды Сараптау комиссиясы анықтады.

а

Жүлдені ұйымдастырушылардың бірі, ImpactHub Алматы басшысы Индира Шах аталмыш кәсіпкерлердің бірегейлігі – әлеуметтік мәселелердің шешімін табуында  ғана емес, шешімді тұрақты бизнес модельдерге негіздей отырып шешуінде екенін атап өтті.

– Қарапайым тілмен айтқанда, олар біздің қоғамға көмектеседі, әрі осы қызметі арқылы табыс табады және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ақша табуға мүмкіндік береді. Аты айтып тұрғандай «ÓZGERIS USTASY», қоғамға өзгеріс әкелетін еліміздің нағыз каһармандарын, өзгеріс ұсталарын анықтайтын байқау. Осы кісілер біздің жас ұрпағымызға үлгі болуы керек, –деді ол.

а

Сонымен, ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ҮЛГІСІ номинациясында келесідей ұйымдар жеңімпаз атанды.

1. Salem Social Village, Шымкент қаласы.

2. «КОМУНИТИПЛЮС» мәдениет, әлеумет және білім беруді дамыту қоры» қоғамдық қоры, Алматы қаласы.

3. "Аялаған Алақан" Қоғамдық қайырымдылық қоры, Батыс Қазақстан облысы.

ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫ ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҮЗДІК ҮЛГІСІ номинациясында жеңімпаз атанғандар:

1.«Ерекше өмір» мүгедек-балаларды ақпараттық-үйлестіру ресурстық қолдау орталығы» қоғамдық қоры, Көкшетау қаласы.

2. «Жамбыл облысының коммерциялық емес ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі, Тараз қаласы.

3. «Ski Park Pioneer» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы.

4. Қарабеков Ағабек атындағы қоғамдық қор, Нұр-Сұлтан қаласы.

5. "JARQYN BOLASHAQ" жастар қоғамдық қоры, Атырау облысы.

6. «Страна мастеров» мүгедектердің қоғамдық қоры.

7. «Мөлдіркөз» қоғамдық бірлестігі, Атырау қаласы.

8. «Психоаналитическая ассоциация» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы.

9. "Федерация пауэрлифтинга и жима лежа Мангистауской области" қоғамдық бірлестігі, Маңғыстау облысы.

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҮЗДІК ҮЛГІСІ номинациясында жеңімпаз атанғандар:

1. «Арнау» Даму орталығы» қоғамдық бірлестігі, Нұр-Сұлтан қаласы.

2. «Жайық-Каспий Орхусс орталығы» корпоративтік қоры, Атырау облысы.

3. EcoWasteAktau, маңғыстау облысы.

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БОЙЫНША КОРПОРАТИВТІ СЕКТОРДЫҢ ҮЗДІК БАСТАМАСЫ номинациясында Chevron Компаниясы жеңімпаз атанды.

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДАҒЫ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ШАРА номинациясында Самрук-Казына Траст жеңімпаз атанды.

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҮШІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУТТЫҢ ҮЗДІК БАСТАМАСЫ номинациясының жеңімпазы болып Халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агенттігі (USAID) атанды.

Кеш барысында әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы республикалық тізілімі таныстырылды.  Бүгінгі таңда 150-ге жуық әлеуметтік кәсіпкерлер белсенді қызмет етіп келеді.

Кеш бағдарламасы әртістердің өнерімен жалғасып, әлеуметтік кәсіпкерлер шығаратын ерекше өнімдердің жәрмеңкесімен қызықтырыла түсті.

Жүлде ұйымдастырушылары – “Act for Impact” (Impact Hub Almaty) Корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»  (ҮЕАҚ) гранты аясында.

а

а

а

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір