• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 14:45:18
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қараша, 2019 Спорт

Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі қашан өтеді?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық спортшы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Головкин-Канело трилогиясын жалғастыру мүмкін екені туралы Asapland.com хабарлады. Алдын-ала мәліметтер бойынша екі жекпе-жек 2020 жылы өтеді деп айтылған. Басылымның мәліметіне сүйенсек, Мексикалық оған титулдарды біріктіруге көмектесетін жоспар жасаған. Альварес британдық спортшы Билли Джо Саундерспен, сондай-ақ қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуге дайын.

Дегенмен, үшінші кездесуге қойылған шарт бар. Головкин поляк спортшысы Камил Шереметаны жеңуі керек. Егер Головкин польшалық боксшыны жеңе алса, ол титулын IBF және IBO бойынша қорғайды. Үшінші матчтың алдын-ала күні 15 қыркүйек болуы мүмкін деп хабарланған. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір