• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:43:53
Алматы
+12°

Қырымда өгей әкесі тыңдамағаны үшін 5 жасар қызын өлтірген. Оқиғадан кейін тұтқындалған ер адам полицейлерге қыздың мүрдесін қайда көміп тастағанын көрсетті – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, ntv.ru арнасына сілтеме жасап.

Өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам 5 жасар қызын буындырып өлтіріп, артынша денесін үйден алып шығып, көліктің артқы орындығына жатқызған. Ол кезде көліктің алдыңғы орындығында оның кіші ұлы отырыпты. Ер адам қыздың мүрдесін көміп тастап, артынша туған ұлымен бірге Украинаға қашып кетпек болған. Алайда, олар шекарадан өте алмады.

13 қарашада ер адам полицияға хабарласып, 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Алайда қызды іздестіру жұмыстары нәтиже бермегеннен кейін, полиция өгей әкенің өзін күдікті ретінде ұстады. Бүгінгі таңда ол тұтқындалды.

БАҚ мәліметінше, күдіктінің мұндай әрекетіне өгей қызының өзін тыңдамауы және әкем деп қабылдамағаны себеп болған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір