• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:21:54
Алматы
+35°

Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының әлеуметтік-мемлекеттік тапсырысы аясында «Алтын оймақ» қолөнерді қолдау қоғамдық қоры Маңғыстау ауданының  орталығы Шетпе селосында трениг өткізді. Тренинг барысында қатысушылар кереге таңғыш тоқитын құрал-жабдықтар мен бояу түрлерімен танысты. Сонымен қатар, түстердің үйлесімділігін үйренді. Тренингті маңғыстаулық шебер Күміс Қосбай жүргізді. Қатысушылар саны 20 адам. Олар 14 жіптен шығатын «сыңар мүйіз» және «құс таудай» өрнегін үйренді. Тренингке Шетпеден ғана емес Жетібай, Тұщыбек ауылдары мен Жаңаөзен қаласынан қатысушылар келіп қатысты. «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген шарада тренингке қатысушылар оқуды жүнді әзірлеу әдістемесінен бастады. Одан кейін талдырма дайындау әдісін және оны  оюды, қию және қиюластыру әдістерін үйренді. Жергілікті қойдың жүнін сабаудың және сабан шиге  салу әдісімен танысты. Оюды, талдырманы  қиып, текеметті салып болғаннан кейін су себіліп, шиге оралып 4 адам ұзын арқанмен тербеткенде қатысушылардың көңіл-күйі көтеріліп ән шырқалды. Қатысушылар осы тренингке қатысып үйренгендерін айтып алғысын жаудырды. mang

Бау-басқұр тоқудың 1-ші бөлімі кереге таңғыш тоқудан басталды. Содан кейін жіптер керіліп таңғышты құру процесі жүрді. Әрине 3  күнде тоқып үлгере алмайтын болғандықтан қатысушылардың барлығы үйден тоқып үйренуге беріп жіберді. mang

Бұл іс-шара қазақтың дәстүрлі қолөнері - текемет басудың Маңғыстауға тән дайындалуымен ерекше болды. Алдымен қойдың  сұрыпталған жүндері тулақта сабалып, сабалған жүн шиге салынды. Жұқалай басылған талдырма ойылып жүнге салынды.  Талдырма бояу әдісі де сол жерде көрсетіліп түсінік берілді. Ою салынып болғаннан кейін текеметке жылы су құйылып, шиге оралып шиді байлап буып, ұзын арқанмен 4 адам киізді тартуды бастады. 1 сағаттай тартылып, киізді білектеу процесі көрсетілді. mangmang

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір