• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:16:33
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

12 Қараша, 2019 NEWS

Алматы әкімдігі сыннан сабақ шығара білді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін мегаполисте ағаш отырғызу туралы жарнама жасалған жоқ. Бұл туралы әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының бастығы Ержан Сейтенов айтты.

«Сын ағаш отырғызу жұмысына емес, жауапсыздыққа байланысты айтылды. Яғни, қалып қалған көшеттерді меңзеді. Негізі біз ағаш көшеттерін тастаған жоқпыз, бәрін отырғыздық. Көктемде тағы да егуге болады. Көшеттердің бәрі тірі. Жақында тағы жаңа ағаш көшеттерін отырғыздық. Бұған дейін БАҚ беттерінде жағымсыз пікірлер айтылғандықтан біз жарнама жасамадық», - деді Ержан Сейтенов брифингте.

Оның айтуынша, биыл қалада 120 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

«Атлетикалық ауыл» ықшамауданының бойында 2000-ға жуық, Алатау театрының маңында 1100-ге жуық, Саялы ықшамауданында 2000-ға жуық ағаш отырғызылды. Саялы-2 ықшамауданына қайың отырғыздық. Менің ойымша, бұл бәріне ұнады. Ол ауданда жер учаскесі жеткілікті. Біз оған 1000 дана қайың ағашын қостық. Бұл жұмыстар көктемде жалғасады. Жетісу ауданын да қамтыдық. Отырғызылған ағаштардың барлығына екі жылға кепілдік берілген»,- деді Ержан Сейтенов

Еске салайық, жақында Алматыға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа Көктөбеде көшеттер қалып қойғаны үшін сөгіс жариялады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір