• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:38:56
Алматы
+35°

Гендерлік теңдікке бағытталған ипотекалық өнім елімізде а алғаш рет әзірленіп отыр, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Азия даму банкі "Гендерлік теңдікке тұрғын үйді қаржыландыруда жәрдемдесу" жобасы аясында тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 100 миллион доллар кредит береді.

Қарыз туралы келісім ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен АДБ президенті Такехико Накаоның кездесуінде бекітілді.

"АБД Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен мүлде жаңа жобаға қол қойды. Тек қана әйелдерге жеңілдетілген кредит ұсынылады. Менің білуімше, 12%-ке дейін. Мұндай жобалар қазір сұранысқа ие. Гендерлік қаржыландыру, шынымен, өзекті мәселе, біз оны дамытатын боламыз", - деп үкімет сағатында Дәленов мәлім етті.

 Ипотека кімдерге беріледі

Қолжетімді қаржыландыруды 3 мыңнан аса әйел пайдалана алады.

АДБ қарызының 60%-тен астамы ауыл әйелдеріне беріледі. Кем дегенде 20%-і – табысы төмен әйелдерге ұсынылады, делінген Азия даму банкінің хабарламасында.

Еске салсақ, осығанға дейін АДБ Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдерге қолжетімді ипотека алу қиынырақ екенін мәлімдеген еді. Ал оған әйелдер жалақысының төмен болуы себеп екен.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір