• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:06:49
Алматы
+35°

Қазақстанның оңтүстігінде боксит кенін іздеу кезінде Түркістан облысынан мұнай табылды, деп хабарлайды LS.

Облыс аумағындағы Шоқпақ учаскесінде полеозой дəуіріндегі жыныстан, Үлкен Қаратау тауаралық ойысында алғаш рет таяу тереңдікте орналасқан мұнай табылған.

Іздеу-түсіру экспедициясы Үлкен Қаратау Леонтьев ойысындағы геофизикалық ауытқуларға боксит кені жəне онымен байланысты қорғасын, мырыш іздеу үшін зерттеу жүргізген. Осы мақсатта 300 метрге дейінгі тереңдіктегі ұңғыма бұрғыланды. Бұрғыланған түрлі тереңдіктегі 39 ұңғыманың 11-інен қоңыр түсті реңктегі сұйық-тамшылы мұнай табылған.

Шоқпақ учаскесінде мұнайдың табылуы Қазақстанның таулы жерінде алғаш рет орын алып отыр жəне Сырдария мен Шу-Сарысу ойысындағы мұнайгаздылықты болжауда маңызды мəнге ие.

Бұдан бұрын Шу-Сарысу ойысында бірнеше ұсақ газ кен орны ашылған болатын. Оның ішіндеді Амангелді жəне Придорожный кен орындары көпке белгілі. Енді Сырдария жəне Шу-Сарысу ойыстарында мұнай іздеудің келешегіне жол ашылып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір