• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 05:36:39
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 NEWS

Ирандағы наразылық акциялары өрши түсті (видео)

 

АҚШ Иранда бензин бағасының қымбаттауына наразы азаматтарға биліктің күш қолданып, интернет пен мобильді байланысты өшіргенін айыптады, деп хабарлайды azattyq.org. Ақ үй 17 қарашада бейбіт наразылық акциясына шыққан Иран халқын "қолдау" білдіретіні туралы мәлімдеме таратты.

"Демонстранттарға қарсы күш қолдануды және байланысты шектеуді айыптаймыз" деп мәлімдеді Ақ үй әкімшілігі.

Иран үкіметінің бензин бағасын қымбаттатып (бір литр бензин 13 центке қымбаттады), жанар-жағар майды сатуға шектеу енгізуі тұрғындардың наразылығын тудырды. Хабарларға қарағанда, жүзге жуық елдімекенде қарсылық акциялары өткен. Иран билігі жаппай наразылыққа қатаң шара қолданатынын ескертті.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи 17 қарашада үкіметтің бензин бағасын қымбаттату туралы шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Наразылық барысында "бірнеше адам өліп, кей нысандар қиратылғанын" айтқан Хаменеи демонстранттарды "баскесерлер" деп атады. Ол "қоғамға іріткі салған" Иранның "жауларын" айыптады.

Иранның Фарс жаңалықтар агенттігі мыңға жуық адам тұтқындалды деп хабарлады. Мемлекеттік басылымдар "наразылық кезінде жүзден астам банк пен дүкен өртенген" деген ақпарат таратты. Бұған дейін ресми орындар наразылық акциясы кезінде бір адам қаза тапқан деп хабарлаған. Алайда белсенділер бірнеше адамның өлгенін айтты. Ондаған адам зардап шеккен.

Әлеуметтік желілерде жанар-жағар май бекеттері мен банк мекемелері өртеніп, полицейлер мен наразылардың қақтығысқаны туралы видеолар мен суреттер тарады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір