• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:07:00
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 15 қараша күні Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында талантты жастар арасында «Көркемсөз оқу шеберлері»  қалалық конкурсын өткізді.

Конкурс төмендегідей кезеңдер бойынша өткізілді:

1. Прозалық шығарма оқу;

2. Поэзиялық шығарма оқу;

3. Драмалық шығарма оқу.

Конкурс қорытындысы бойынша өзгелерден дара көрінген Алмалы ауданы атынан шыққан Искаков Ержан Ерланұлы бас жүлдемен (200 000 теңге) марапатталса, 1-орынды Жетісу ауданынан Әбдіхан Абзал Даниярұлы (150 000 теңге), 2-орынды Бостандық ауданынан Шүкіман Ілияс Еркінұлы (100 000 теңге), 3-орынды Жетісу ауданынан Әбділда Махамбетәлі Амантайұлы (70 000 теңге) қанжығасына байлады.

а

Ал «Мәнерлі сөз» номинациясына Медеу ауданынан шыққан Бодаубек Айкүн Айбатқызы (35 000 теңге), «Мағыналы сөз» номинациясына Түрксіб ауданынан Сағатбек Айбек Әбуұлы (35 000 теңге) ие болды. Оқ бойы оза шапқандардың қатарын Бостандық ауданынан Зәкенов Қуандық Қайратұлы (30 000 теңге) мен Алатау ауданы атынан шыққан Тәттібек Индира Рүстембайқызы (30 000 теңге) толтырды. Оларға ынталандыру сыйлығы табыс етілді. Одан өзге Нұғман Нұрғали Мұратұлы, Яркүл Айгүл Еркінбекқызы, Жанғабоев Нұрбек Серикбойұлы, Қасым Дүйсехан Анарбайұлы, Мырзакелді Еркемай, Елдар Нұрсұлтан Ғалымұлы, Ибрахим Еркебұлан Ибрахимұлы, Таңат Ақнұр Ерғалиқызы, Амангелдіұлы Ғалым, Сағымданова Гүлден Ақансеріқызы, Зарипов Бейбарыс Бердібекұлы алғыс хаттар иеленді.

а

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір