• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:19:19
Алматы
+35°

Жамбыл өңірінде тұратын ұйғыр халқы ежелден келе жатқан, ата-бабалары қадір тұтқан дәстүрлер мен салттарын, әдеттері мен ғұрыптарын аса қадірлей отырып, оларды мұра ретінде өз ұрпақтарына қалдырып келді. Оған дәлел облыстық Ассамблеядағы Махмуд Қашқари атындағы ұйғыр этносының салт-дәстүр, әдет-ғұрып дәріптейтін іс-шараларды жиі өткізуі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ, Жамбыл жерін мекен еткен ұйғыр халқының жастары өте белсенді әрі елгезек келеді. Біздің түсінуімізше ұйғыр отбасы көп балалы болуды ұнатады. Олар үй салғанда балаларының санына қарай бірнеше бөлмені жалғастырып салуды дәстүр еткен ұлттардың санатында. Яғни олар аула тазалығына ерекше мән береді. Сонымен қатар отбасы тәрбиесінде баланы жастайынан еңбекке үйретуге, ата-анасын қадірлеуге, басқа түскен ауыртпалық, қиындықтарды жұмыла көтерісуге, туыстық парыз санау оларда жазылмаған заң болып саналады.

Сонымен қатар жастардың тұрмыс құруы ата-ананың ұйғаруы бойынша іске асырылады. Ұйғырлардың арасында ана жағынан үш атадан кейін (шөбереден кейін) бір-бірімен тұрмыс құра береді. Ұйғырларда жастайынан айттырып қою заңы сақталған. Қимас достардың бірінде қыз дүниеге келсе, баламыз сіздің үйдің қызының «құлағын тістеп» қойыпты деп құда болу ниетін білдірген. Мұндай дәстүр қазақта да бар. Мәселен бел құда, бесік құда болу дәстүрлері.

Ата-ана кәмелетке толған баласын үйлендіру үшін құда болатын үйге «елші» жібереді. Елшінің міндеті үйдің тұрмыс жайын байқау, ауладағы ошақтардың әктелуіне қарап, сол үйдегі бойжеткеннің еңбеккерлігін бағалау. Егер ол үй иелері көңілінен шықса, елші келген мақсатын білдіреді. Елші екі-үш рет келіп, екі жақты бір шешімге келтіруге ат салысады. Содан кейін қыздың әке-шешесі той өткізуге келісім береді. Той уақыты келісілген соң тәтті шай, салық шай, құдалық шайлар өткізіледі. Әр шайдың өзіндік қызметі бар. Мәселен, тәтті шайға құдаларға арнап 20-30 табақ тартып, әр табақта шайға қажетті тандыр нан, өрік-мейіз, жаңғақ, қант-кәмпиттер, самсалар және т.б. салады. Қалыңдыққа киім, әр түрлі сыйлықтар әкелінеді. Ал салық шайдың мәні өте жоғары, өйткені осы салық шайда құдалардың келісімге келуі немесе келісімнің бұзылуы да мүмкін. Салық шайда тойға сойылатын мал, бөлінетін қаржы, сыйлықтардың түрлері келісіледі. Қызды қолдан ұзату ата-ана үшін үлкен абырой саналады. Қызды алып қашу деген болмайды.

Қалыңдықтың үйіндегі тойды күйеу жігіттің ата-анасы атқарады. Тойдан бір күн бұрын тойға қажетті жабдықтар қыздың үйіне әкелінеді. Қалындық жағы құдаларына құрмет көрсетіп, алдынан арқан кереді.

Той үстінде күйеу жігіт жолдастарымен сәлем беруге келгені хабарланады. Күйеу жігіт табалдырықты аттағанда аяқ астына кілем төселеді, басына тақия кигізіледі. Мұның сыры сол отбасына мүше, яғни бала болды деген құрмет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір