• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:53:09
Алматы
+35°

Тамархан Кенжеханова есімді қазақстандық әйел ұлын 25 жылдан кейін тапты. Осыдан ширек ғасыр бұрын ұлын өгей әкесімен бірге Омбы қаласында қалдырып, өзі құжаттарын реттестіруге Қазақстанға келеді. Бірақ қайтып Омбыға барған кезде ұлын да, күйеуін де таппай қалған. Ол өз ұлымен НТВ телеарнасындағы "Жди меня" бағдарламасында кездесті.

Тамархан Кенжеханова 1985 жылы жоғалып кеткен лының әкесімен танысады. Кейін олардың арасында түрлі кикілжіңдер болып, ара-қатынасын үзеді. Біраз уақыттан кейін Тамара Кенжебекова өзінің жүкті екенін біледі. Тамархан Әлішерді дүниеге әкеледі. 

Содан соң араға 5 жыл салып Әлішердің әкесі досы Сергеймен Қазақстанға келіп, Тамарханмен татуласпақ болады. Бірақ Тамархан мен Сергей бір-бірін ұнатып қалып, екеуі отбасын құрады. Кейін Омбыға барып, жұмыс іздейді. Кейін құжаттарында қателіктер болған соң, Тамархан Қазақстанға келеді. Омбыға қайта барған кезде күйеуі мен ұлын таба алмайды. Полицияға арыз жазады, бірақ ешқандай нәтиже болмайды. 

Әләшер балалар үйінде тәрбиеленеді. Оны сол кезде асырап алғысы келетіндер болған. Алайда Әлішер анасын іздейтінін айтып, қарсылық білдірген. Бағдарлама барысында Әлішер өзінің 3 қарындасы бар екенін біледі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір