• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:47:41
Алматы
+35°

Мемлекетімізде тұрғындарды ауызсумен қамту бағытында «Ақбұлақ» сынды ауқымды жобалар біраз жылдан бері жанданып келеді. Бұл ел үшін басталған игі жоба екені даусыз. Оның шарапатын жамбылдықтар да еселеп көруде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтсақ, Мойынқұм ауданында жалпы 24 елді мекен болса, оның ішінде бүгінгі таңға 14 елді мекен немесе 58,3 % орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 2019 жылдың соңына дейін қосымша 3 елді мекенде (Бурылбайтал, Мирный, Қияқты ауылдары) орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылып қамтылу көрсеткіші 70,8 % -ға жететін болады.

2019-2020 жылы Қылышбай ауылы ауыз су жүйесіне іске қосылатын болады. Және 2020 жылға 2 елді мекеннің (Қарабөгет, Сарыөзек ауылдары) жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаржыландыруға облыстық энергетика басқармасына өтінім берілді.

Есепті жылы ауданның отын-энергетика кешені, тұрғын үй-коммуналдық және бюджеттік нысандарын дайындауға 337,0 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына 46 білім нысандары, 22 денсаулық сақтау және 42 әлеуметтік - мәдени сала нысандары даярлануда.

Аудандағы бюджеттік мекемелер жылыту маусымына қажетті 8862 тонна отын толығымен қоймаға түсірілді. Тұрғындарға қажетті 30,0 мың тонна тас көмірдің 27,0 мың тоннасы тұрғындарға тасымалданды.

Бұдан бөлек ауданда Бірлік ауылдық округі аумағында 2 сібір жарасы ошағы, Қызылтал ауылдық округі аумағында 2 сібір жарасы ошағы, Мойынқұм ауылдық округі аумағында 3 сібір жарасы ошағы және Ұланбел ауылдық округі аумағында 3 сібір жарасы ошағы барлығы 10 сібір жарасы ошағы тіркелген. Олардың барлығы анықталып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіліп, кадастрлік нөмерлері алынды, жер телімдеріне мемлекеттік актілер рәсімделді. Барлығы топографиялық картаға тұсіріліп, санитарилық-эпидимиологиялық талаптарға сай қоршалып, асты бетондалып, ескертпе жазулар жазылған.

Ауданда Мойынқұм, Бірлік ауылық округтері аумағында 2 типтік үлгідегі биотермиялық «Беккери шұңқыры» жұмыс істеп тұр. Олардың санитарлық жағдайы жақсы.

Сібір жарасы ошақтары мен биотермиялық шұңқырларды күтіп ұстауға 2019 жылы аудандық бюджеттен 1,5 млн. теңге бөлініп, игерілді.

2018 жылы 1,5 тенге бөлініп игерілген болаты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір