• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:51:16
Алматы
+35°

Ауыл еліміздің алтын қазығы. Сондықтан ауылдардың ажарын ашу бағытында елімізде жанданып жатқан жобалар аз емес. Бұрнағы кезі өңірлерді дамыту бастамасымен бастау алған жобалар бүгінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалғасын табуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл жерінде жан жадыратады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Шу ауданы "Төле би селолық округі әкімінің аппараты" КММ бойынша 17 миллион 47,1 мың теңге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі берілетін трансферттерден Толе би ауылындағы 24 көшенің жолын жөндеуден 16 миллион 765,7 мың теңге бөлініп отыр. Жанар жағар май сатып алудан 278,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу порталында мердігер келісім шартқа қол қою жұмыстары да жүргізілуде.

"Шоқпар селолық округі әкімінің аппараты" КММ бойынша 357,0 мың теңге Е-Халық байланыс қызметі бойынша мердігер счет фактура өткізіп, өзге де қызметтерден орындалған жұмыс актісі бойынша 130,0 мың теңге игерілуде.

"Шу қаласы әкімінің аппараты" КММ бойынша 1 миллин 199,6 мың теңге Жанар жағар май сатып алудан 245,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу порталында мердігер келісім шартқа қол қою жағы қарастырылып, аппаратты ұстаудан РБ-тен бөлінген мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қызметшілердің жалақысын көтеруге берілетін трансферттерден 954,0 мың теңге төлемдер бойынша жоспар дұрыс рәсімделуде.

Бір сөзбен айтқанда бағдары айқын бастамалар бар. Және қаржы игеруде жыл соңына қарай жұмыстар пысықталуда.

Әрине тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу өңірі үшін мұндай өлшемдер тыңғылықты тірлікпен өлшенеді. Аталған қаржының мақсатты жұмсалуы ауылдардың ажарын ашып, тұрғындардың тұрмысын түзеп, аудан экономикасына серпін әкелері анық. Осыны жіті түсінген жергілікті билік күн-түн демей аянбай еңбек етуде. Сондай-ақ агро саланы алшаң бастыру бағытында да бағдарын айқындаған тірліктер толайым. Оған елді мекендегі қожалықтар «Құлан» сынды бағдарламалар арқылы төрт түліктің басын арттырып жатқаны дәлел бола алады. Демек шырайлы Шу өңірінің шырайы кіріп, көркіне көрік қосылып, экономикасы өркендеуі уақыт еншісіндегі нәрсе деп білгеніміз абзал.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір