• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:08:24
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында биыл ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3,8 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,7 пайызға артып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Биылғы жылы жалпы ұзындығы 69,3 шақырым болатын 9 тоғанды механикалық тазалауға аудандық бюджеттен 70,0 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, жұмыстар өз кезеңімен аяқталып 5074 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 2018 жылмен салыстырғанда 1290 (3784 га) гектарға артты.

Бүгінгі күнге аудан бойынша Бірлік, Кеңес ауылдарында 2 жылыжайлар жұмыс жасауда, олардың жалпы аумағы 500 м2 алқапты құрайды, оларда биылғы жылы 3,5 тонна өнім алынды (қияр).

Есепті кезеңде шаруашылықтың барлық санаттарында 3248,8 тонна ет өндірілді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен салыстырғанда 58,7 тоннаға артық өндіріліп, 101,8%-құрап отыр, сонымен қатар, 6059,2 тонна сүт және 1232,0 мың дана жұмыртқа (103,1%-ға өсті) өндірілді.

Аудандағы мүйізді ірі қара мал саны 38 825 бас болып (2018 жылы 35 188 бас) 3 637 басқа (10,3%-ға), қой мен ешкі саны 176 473 бас болып, (2018 жылы 173 744 бас) 2 729 басқа (1,5%-ға), жылқы саны 8295 бас болып, (2018 жылы 7975 бас) 320 басқа (4,0%-ға), түйе саны 1410 басты құрап, (2018 жылы 1186 бас) 224 басқа (18,8%-ға), үй құстарының саны 29026 құрап, (2018 жылы 28206 бас) 820 басқа (3,0%-ға) өсті.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарында бүгінгі таңда 279 дана әр түрлі тракторлар, 298 дана трактор тіркемелері, 110 дана тісті тырма, 34 дана трактор соқалары, 36 дана шөп шалғысы, 27 дана шөп тырмасы, 110 дана шөп жинауыш-пресс, 2 дана жатка, 36 дана шөп тиеуіш-маялағыш бар.

2019 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 65 304,0 мың теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржы ұйымдарына осы бағыт бойынша 55 бас мүйізді ірі қара сатып алуға 1 өтінім түсіп, мақұлданды және жыл абснынан бері Мойынқұм ауданындағы «Мойынқұм Агро» ЖШС және «Агрофирма Түрікпен» ЖШС ауданға 2069 мүйізді ірі қара малын алып келді.

Ағымдағы жылы 2987 бас қой сатып алып алу жоспары бекітілген. Бүгінгі күнге дейін қаржы институттарына 1903 бас қой сатып алу бойынша 7 тауарөндірушіден өтінім түсіп, мақұлданып, 4 өтінім бойынша 864 бас қой сатып алуға 32,5 млн теңге несие берілді.

2020 жылға мал шаруашылығы бойынша төрт түлік салды өз төл есебінен 5 %-ға көбейтіп, мал өнімдерін өңдейтін 1 цех ашу жоспарлануда. Егін шаруашылығы бойынша 26 шақырым болатын 4 тоғанды механикалық тазалаудан өткізіп, 11 гидроқондырғылардың құрылысын жүргізіп, осы жұмыстардың негізінде аудан бойынша суармалы егістік алқабын 920 га арттыру жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір