• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:12:47
Алматы
+35°

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ісіне қатысты пікір білдірді. А.Баталов мәлімдемесінің видеосы yyedilov telegram-арнасында пайда болды. 

"Оқиға орын алғанда ол (Бағдат Манізоров) маған келіп, бұрынғы жұмысына, Алматыға қатысты екенін айтты. Мен мән-жайынды біл, мәселені шеш дедім. Жағдай күшей бастағанда менен төлемсіз еңбек демалысын сұрады. Мен жібердім. Не болған, болмағанын анықтау тергеу ісіне қатысты мәселе. Ал адам ретінде мен оны көптен білемін" деген әкім орынбасарының қызметін жақсы атқарғанын айта келіп, "жағдайға адами тұрғыда қарау керектігін, бұндай жағдайға кез келген адам ұшырауы мүмкін екенін айтты.

Ескерте кетелік, қыркүйек айының соңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны, қызметтік жағдайын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды. Артынша бұлтартпау шарасы үй қамаққа ауыстырылды, 18 қазанда қамауда емес, демалыста делінді. 29 қазанда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Мәнізоровқа қатысты істі тоқтатып, әкім орынбасары 30 қазанда қызметіне оралды.

 Оқи отырыңыз

♦ "Мәнізоров ісі" Қазақстанның ақпарат қауіпсіздігі қай деңгейде екенін көрсетті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір